ШҚО-да спорт залдары мен алаңдарына тексеру жүргізілді
Фото: pinterest.com
ШҚО-да барлық аудан және қала мектептеріндегі спорт залдары мен алаңдарына тексеру жүргізілді. Ол үшін Білім басқармасы, ТЖ қызметі, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, ТКШ және басқа да өкілдердің қатысуымен мониторингтік топтар құрылды.
Айта кету керек, Астана қаласында болған оқыс оқиғадан кейін аймақ басшысы барлық аудан әкімдеріне мектептер мен спорт нысандарын тексеруге тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Арнайы құрылған мониторингтік топ спорт алаңдары мен жабдықтарын, аумақтың санитарлық жағдайын, бейнебақылау камераларының болуын және т.б. тексерді. Атап айтқанда, ұзындыққа секіру аймақтарында тастар, металл заттар, шыны және қоқыстың болмауы, жүгіру жолдары тегіс және жабыны қатты болу керектігі, футбол қақпаларының беріктігі мен волейбол сеткалары бақылауға алынды.
ШҚО білім басқармасы басшысының айтуынша, бұл тексеруге мектеп балансына кірмейтін спорт алаңдары кірмейді. Аталған алаңдар мен нысанды ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы тексереді.