KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да түзеу мекемесіндегі сотталушы кітап жазумен айналысып жүр

30.01.2021, 11:18 148

ШҚО бойынша ҚАЖД түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген азамат өлең жазады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/20 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған азамат поэзияны жақсы көреді, ол бұрын, бостандықта жүргенінде «Чтец» және «Тағдыр» атты екі жинағын шығарған. Кітаптар 2017 жылы 200-300 данадан шығарылған.

Ол 2019 жылы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Бүгінде сотталған азамат жазасын өтей отырып, тағы екі кітап шығаруға бар күшін салып жатыр. Ақынның айтуынша, оның шабыт көзі үш жасар қызы екен.

Ол өзінің алғашқы өлеңдері мен прозаларын 12 жасында жазыпты. Кейін бұл ісін тоқтатқан. Сотталған азаматтың айтуынша, ол сол кезде философияға қызығушылық танытып, Абайдың қара сөздерінен бастап, Пушкиннің өлеңдерінен, ежелгі грек философы Аристотельдің ойларына дейінгі көптеген кітаптарды оқыған. Сондықтан алғашқы кітабын «Чтец» деп атаған екен.

«Мен өмірде өз ізімді қалдырғым келеді. Қазір тағы екі кітап жазумен айналысып жүрмін. Биыл Мұқағали Мақатаев 90 жасқа толады, ақынның мерейтойына орай бірнеше өлең жазғым келеді. Мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оннан астам өлең мен проза жаздым, сондай-ақ пандемия кезінде қазақстандықтардың бастан кешкен қиындықтары мен сынақтарына да өлең арнадым», – дейді ол

Оның төрт баласы бар, үлкені 30 жаста. Сондай-ақ, оның 11 жастағы ұлы да әңгімелер жазады екен. Ол ұлының жетістіктерін мақтанышпен бөлісіп, оған үлкен үміт артатынын мойындады.

«Аталған азамат жиһаз цехында жұмыс істейді. Сондай-ақ онымен тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Ол жасақ бастығымен бірге кітапханаға барады», – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив