KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

ШҚО-дағы білім беру нысандарының маңына жасанды жол кедергілері орнатылды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

28.08.2023, 17:30 333 Ләззат Қанатқызы

Облыс көлемінде жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында «Назар аударыңыз  балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Аталған іс-шараны өткізу барысында әкімшілік полиция қызметкерлері жалпы білім беру мекемелеріне іргелес жатқан жол учаскелеріне 211 тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісіне 870 жол белгісі орнатылды және ауыстырылды. 98 мектептің жанына "Зебра" көлденең жол белгісі салынды. 86 білім беру нысанында жылдамдық бәсеңдеткіш жасанды жол кедергілері орнатылды", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі мақсатында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдына орнату үшін балалардың 20 макеті дайындалған.

Айта кету керек, жедел-профилактикалық шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу