KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 5 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Ертеңнен бастап самокат жүргізушілері бақылауға алынады – Өскемен

Фото: m.kolesa.kz

29.08.2023, 17:41 203 Ләззат Қанатқызы

30 тамыз күні электрлі самокаттарға қатысты жаңа заң күшіне енеді. Онда электрлі самокаттарды қауіпсіз пайдалану талаптары көрсетілген.

Көлік құралының бұл түрін қолданатын жүргізушілер енді шлем киіп, жарық қайтарғыш элементі бар киім немесе зат, яғни күртеше, қалпақ, жилет, аяқ киім, рюкзак, сөмке және арнайы жарық қайтарғыш ленталар тағуы керек. Сондай-ақ жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін де сақтауға міндетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығында электрлі самокат жүргізушілеріне жаңа ережелерді таныстыру үшін танымал демалыс орындарында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Самокаттарды жалға беретін кикшеринг компаниялармен келіссөз жүргізілді. Олар жаяу жүргіншілер мен саябақтардың белгілі бір жерлерінде электрлі самокат жылдамдығын шектейтін болады. Орнатылған GPS-сенсордың арқасында мұндай аймақтарға кіру кезінде жылдамдықты шектеу автоматты түрде қосылады. Ал жолдардағы көлік құралдарын патрульдік нарядтар қадағалайтын болады, – дейді Өскемен қалалық полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.

Қабылданған жаңа заңға сәйкес, электрлі самокат веложолда, веложолақтарда, 25 км/сағат жылдамдықпен жүріс бөлігінің оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда қозғала алады. Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен жүруі керек. Сонымен қатар электрлі самокат көлікке арналған жолмен жүруге тек 18 жастан бастап рұқсат етіледі және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек.

– Барлық жүргізушілер, оның ішінде электрлі самокаттарының жүргізушілері де жол қозғалысы ережелерін сақтауы тиіс. Егер қандай да бір құқық бұзушылық болған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заңда балалар мен жасөспірімдер электрлі самокаттарды басқара алмайды, бұл, бірінші кезекте, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін, – деп атап өтті Сергей Коваленко.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 5 АЕК көлемінде айыппұл салу), сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 620-бабы, ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салу) жауапкершілікке тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив