Елімізде рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынбақ
Фото: inform.kz
Қазақстан аумағына рулі оң жақта орналасқан жеңіл көліктерді әкелуге шектеу қойылады.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында айтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық-жобасында.
Осы шектеудің орындалуын бақылау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
Құжат 13 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауында болады.
Оқи отырыңыз