Шетелдегі этникалық қазақтарға 1 300 білім гранты ұсынылады
Фото: bilimdinews.kz
Биыл еліміздегі 19 жоғары оқу орны этникалық қазақтарға магистратура мен докторантура бағыты бойынша 1 300 грант бөледі.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасында жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, 2023-2024 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын», делінген Ашық НҚА порталында жарияланған жобасында.
Құжатта білім грантынан бөлек талапкерлердің тілдік дайындығын күшейту үшін отандық 8 университет 200 орын бөлетіні жазылған.
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы 14 маусымға дейін көпшіліктің талқылауында болады.