KZ
Өскемен
-25°
переменная облачность Штиль
518.39 603.09 6.68

Асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы өседі

Фото: Halyk uni

4.09.2023, 14:20 476 Ләззат Қанатқызы

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері артуы мүмкін.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген жобада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу