KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Өскеменде алғашқы әскери дайындық сабақтарының жетекшілерімен кездесу өтті

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

10.10.2023, 20:16 161 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы жалпы білім беру мектептерінің алғашқы әскери дайындық сабақтарының жетекшілерімен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды.

Шараға ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары подполковник Рамазанов Ерлан Маратбекович пен Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Мусапиров Қуаныш Абаевич қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шараның мақсаты - әскери қызметтің имиджін арттыру.

- Жастарға патриоттық тәрбие беру ісімен айналысып жүргеналғашқы әскери дайындық сабақтары жетекшілерімен осындай шараны жүзеге асырып жатқан жағдайымыз бар. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Отанын қорғау қашаннан ер жігіттің парызы, әрбір ер азамат әскери маман болмаса да ұлттық рухты ту етіп, елін-жерін қорғайтын айбынды тұлға,- деді, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерлан Рамазанов.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив