Жылжымайтын мүлікті ХҚКО-да нотариуссыз рәсімдеуге болады
Фото: inbusiness.kz
ШҚО тұрғындары кез келген ХҚКО-да нотариуске бармай жылжымайтын мүлікті тіркеп, сатып алу-сату шартын жасай алады.
ХҚКО мамандарының айтуынша, мәмілені рәсімдеу үшін жылжымайтын мүлік иелеріне бірқатар құжаттар талап етіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда, екі данада сатып алу-сату шарты (ХҚКО-да жасалады); жылжымайтын мүліктің техпаспорты; жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (сатушы ұсынады); жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі (екі тарапқа да қатысты) қажет.
Бұдан басқа, тұрғын үйлердегі пәтерлерден басқа қызметтің құны жылжымайтын мүлік түрінен өзгереді (мысалы, қойма бөлмелері, паркингтер және т.б.). Жеке үй тіркелген жағдайда құны өзгермейді, бірақ бұл ретте жер учаскесі мен учаске аумағындағы шаруашылық құрылыстары үшін қосымша ақы алынады.