KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

ШҚО: қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе салына ма?

25.10.2023, 12:00 219 Ләззат Қанатқызы

Елімізде жасөспірім қыздар арасында 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады.

Қазақстанда жатыр мойны ісігі әйелдерде кездесетін онкологиялық аурулардың арасында екінші орында тұрған көрінеді. Сол себепті екпе жүргізу мәселесі 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарға енгізілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бірінші кезеңде 11 жастағы 100 мың қызға екпе салу көзделіп отыр.

Аталған кешенді жоспардың 5 негізгі бағыты бар. «Қауіп факторларының алдын алу және басқару» бірінші бағыты бойынша онкологиялық сақтық және қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау және емдеуді уақтылы бастау үшін скринингтен өту қажеттілігі бойынша халық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілетін болады. 

- Қатерлі ісіктің алдын алып, ерте анықтау үшін тұрғындармен белсенді жұмыс жүргізіп бастадық. Жасөспірім қыздарды ерте жастан вакцинациялау көп елдердің тәжірибесінде қолданылып, нәтиже беріп отыр. Сондықтан да вакцинаны ұлттық күнтізбеге енгізіп отырмыз. Екпе алған қыздардың денсаулығы біздің бақылауымызда болады, - деді ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина.

Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын екі мыңға жуық адам жатыр мойны обырына шалдығады.

Қазір әлемнің 140 елінде аталмыш вакцинациясы міндетті болып табылады және 60% - ға төмендегенін байқауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу