KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Алаш қайраткерлері Францияның саяси тәжірибесін зерттеген – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: Ақорда

1.11.2023, 23:23 169 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен Ақордадағы кездесуінен кейінгі бірлескен мәлімдемеде екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстың қай бағыттарда дамитынын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Тарихымызда екі елге ортақ деректер аз емес. Халқымыздың біртуар перзенті Абай француздың атақты ақыны Жан де Лафонтеннің мысалдарын қазақ тілінде аударған. Алаш қайраткерлерінің көбі француз тілін жетік меңгеріп, француз елінің жоғары мәдениеті мен саяси тәжірибесін зерттеген. Қазақтың белгілі әншісі Әміре Париж сахнасында ән шырқап, талайды тамсандырған. Күш атасы Қажымұқан Францияның астанасында өнер көрсетіп, көрерменді таңғалдырғаны баршаға белгілі», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив