KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Инфляция 2024 жылы 8% төмендейді – Ұлттық банк болжамы

сурет ашық дереккөзден алынды

1.11.2023, 22:29 221 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляция бойынша келер жылға болжам жасады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Жылдық инфляция соңғы сегіз ай бойы төмендеп келеді. Оның қазіргі деңгейі ақпан айындағы (21,3%) көрсеткіштен 10,8% яғни 2 есе төмендеді. Инфляцияның төмендеуіне сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуі себеп. Сондай-ақ Үкіметтің нақты шаралары мен Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты ықпал етті. Азық-түлік инфляциясы 10,4% баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 11,1% төмендеді. Қазан айында қызметтер бағасының өсімі 11,0% болды», - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында.

Банк басшысының айтуынша, Қазақстанда қазіргі экономикалық жағдай тұрақты және оң динамиканы көрсетіп отыр. Оның ішінде жалпы ішкі өнім қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 4,7% артты. Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция 9 айда 12,1% өскен.

«Біздің болжам бойынша, инфляция 2024 жылдың соңында 8%, 2025 жылы орта есеппен 6% төмендейді. Кейін 5% деңгейінде сақталады. Ұлттық банк инфляцияның біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын ескере отырып, тамыз бен қазан айы аралығында базалық мөлшерлемені, 2 рет 16,75%-тен 16%-ке дейін төмендетті», - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив