KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түскен әкім қызметтен босатылды

шартты сурет

3.11.2023, 21:30 192 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеев ауыл округінің әкімі мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түскені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

ШҚО әдеп жөніндегі кеңесте Малеевск ауыл округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Лауазымды тұлға өз кінәсін толықтай мойындаған.

Өз сөзінде ол тек сыра ішкенін, қатты мас болмағанын жеткізді.

Сондай-ақ жүргізушісінің жалақы аздығынан жұмыстан шығып кеткенін алға тартты.

- Сот әкімді кінәлі деп танып, әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Әдеп жөніндегі кеңесте істі талқылау барысында мұндай жазаға тартылған адамның мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіргені айтылды. Сондықтан аудан әкімінің міндетін атқарушыға Малеевск ауыл округінің әкімін қызметінен босатуды ұсыну туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен.

Қазіргі уақытта әкім қызметінен босатылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив