KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

5 қараша күні ШҚО-да көктайғақ болып, қатты жел соғуы мүмкін

4.11.2023, 20:55 198 Назерке Каримова

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 5 қараша күні түстен кейін облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Ал облыстың солтүстігінде тұман түседі.  Облыс орталығында солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м / с құрайтын болады. 

- Көктайғақ пен тұман кезінде жол-көлік оқиғаларының қаупі, сондай-ақ көшеде жарақат алу мүмкіндігі артады. Халық жарақат алу ықтималдығын азайту үшін шаралар қабылдауы керек. Тайғанамайтын аяқ киім киіп немесе табанға арнайы пластырь жапсыруға болады, - деп ескертеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу