KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның көлік-логистикалық мүмкіндігі талқыланды

13.11.2023, 20:23 193 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ресейдің Свердлов облысы Заң шығарушы жиналысы төрағасының орынбасары Арман Карапетянмен кездесті.

Өңір басшысы Өскеменге алғаш рет ат басын бұрған қонаққа облыстың экономикалық дамуы туралы әңгімеледі. Айталық, Шығыс Қазақстанда республикадағы өнеркәсіптік орманның 58 пайызы және еліміздің гидроэнергетикалық ресурстарының басым бөлігі шоғырланған.

"Казцинк" - қорғасын, мырыш, алтын және күміс өндіретін ірі кәсіпорын.

ТМК өнімінің есебінен қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы үлесі шамамен 16 пайызға тең.

Үлбі металлургия зауыты - ТМД елдеріндегі тантал өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын.

Сонымен қатар, аймақта ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Шығыс өңірі - өсімдік майын, бал және марал пантысын өндіру бойынша көшбасшы, ал балық етін өндіру бойынша ел өңірлері арасында екінші орында.

- Қазақстан үшін Ресей Федерациясы стратегиялық серіктес және негізгі сауда серіктестерінің бірі. Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда 5,5%-ға өсіп, $15,2 млрд болды. Екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі өсіруге өңіріміздің әлеуеті жетеді, - деді облыс әкімі.

Кездесуге германиялық ірі инвестор Евгений Суперфин де қатысқанын айта кетейік.

Екі тарап та Шығыс Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне, өңдеу өнеркәсібін дамытуға, кен орындарын игеру мәселелеріне қызығушылық танытты.

Армен Карапетян ертең облыстық мәслихат депутаттарымен және армян диаспорасы өкілдерімен кездеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу