KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

АЭС жобасы қалай жүзеге асады? Сарапшы жауап берді

14.11.2023, 15:57 180 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында бүгін Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті.

«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» жанындағы «Атом энергиясы институты» РМК филиалы директорының орынбасары Ерболат Қоянбаев халық АЭС салуға келісім берген жағдайда, жоба қалай жүзеге асатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Қазір халықты «АЭС керек пе?», «Құны қанша болады?», «Қай елдің технологиясы қолданылады?» деген сұрақтар жиі мазалайды. Бірақ біз, ең бірінші, жалпыұлттық референдум арқылы атом электр станциясын салуға халық келісе ме, жоқ па – соны анықтап алуымыз керек. Халық келісім берген жағдайда ғана технология таңдауға кірісуге болады. Содан кейін жобалау басталады. Бұған бес жыл уақыт керек. Өйткені осы кезеңде жоба ғана емес, станцияның экологиялық тиімділігі де қаралып, тағы да қоғамдық тыңдаулар өтеді. АЭС құрылысы тағы бес жыл уақыт алады, – деді атом энергиясы институтының өкілі.

Айта кетейік, атом электр станциясы экономиканың тұтас дамуына, ғылым-білімнің қарыштап, әлеуметтік саланың ілгерілеуіне ықпал етеді. Елімізде атом-энергетика саласымен сабақтас салалар да өркендемек.

Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. АЭС құрылысы басталса, уран тұтынатын ішкі нарық пайда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу