АЭС салынар болса, сала мамандары табыла ма?
Өскеменде Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтіп жатыр.
АЭС салынар болса, сала мамандары табыла ма? Бұл сұраққа «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК жанындағы «Атом энергиясы институты» РМК филиалы директорының орынбасары Ерболат Қоянбаев жауап берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта жыл сайын студенттер практикадан өтеді. Орталық өңірдегі бес жоғары оқу орнымен меморандум жасасқан. Сала бойынша магистрлік, докторлық диссертация қорғап жатқан жас мамандар бар. Жалпы маман даярлау ісі 90-шы жылдары жолға қойылған. Ал бүгінгі жас мамандардың білігі, тіпті, қуантады. Сондықтан маман тапшы болады деп ойламаймын, - деді сарапшы Ерболат Қоянбаев.
Оқи отырыңыз