KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық туралы тұрғындарға үндеу жасады - ШҚО

Фото: ortalyq.kz

15.11.2023, 20:24 138 Ләззат Қанатқызы

Өңірде интернет-алаяқтықтық жаңа түрі белең алып келеді.

ШҚО ПД мамандары тұрғындарға сақ болып, сенімді дереккөздер мен ресми жарияланымдарға сену керектігін ескертті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазір жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар тұрғын үй кезегін жылжыту немесе ипотека алу үшін ақшалай сыйақы сұрайды. Өзге схема бойынша зиянкестер ведомство қызметкерлерімен таныстыра отырып, министрлік жергілікті атқарушы органмен бірлесіп конкурстық негізде пәтерлердің ұтыс ойынын өткізетіні туралы тұрғындарды хабардар етеді, - дейді ШҚО ПД мамандары.

ШҚО ПД тұрғындарды ақпаратты тексеруді, тек сенімді дереккөздер мен ресми жарияланымдарға сенуді, банктердің, әкімдіктің және өзге де мемлекеттік мекемелердің ресми телефондарына қайта қоңырау шалу арқылы қайта тексеру керектігін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив