KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 5 м/с, СШ
475.39 513.37 5.4

Пәтер ұтысы: алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

11.04.2023, 17:16 339 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандықтар пәтер ұтысына қатысты алаяқтықтың жаңа түріне алданып жатыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алаяқтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министрлікке «конкурстық негізде өткізілетін пәтерлер ұтысы» туралы азаматтардың тарапынан қоңыраулар жиі түсе бастаған екен. Алаяқтар тұрғындарға өздерін ведомство қызметкерлері ретінде таныстырып, министрлік жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып конкурстық негізде пәтерлердің ұтысын өткізетіні жайлы айтады. Сондай-ақ мемлекеттік органға «қаржылай берешегі» туралы мәлімдеп, ол өтелген жағдайда азамат конкурстық негізде «пәтер алатыны» туралы жалған ақпарат береді.

Өз кезегінде министрлік бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарып отыр.

 Тұрғын үй беру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Санаттарға сәйкес және кезекке қою күніне байланысты бөлек тізімдермен жүзеге асырылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша өзекті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Call-орталығына хабарласу қажет. Осы ретте күмәнді жарнамаларға назар аудармай, арандатушылыққа жол бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив