Заңсыз шығарылған активтер мемлекетке толықтай қайтарылады
Фото: kaz.365info.kz
Қазіргі күні мемлекетке 1 триллион теңгеге жуық активтер қайтарылған.
Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
- 1 триллион теңгеге жуық активтер қайтарылды. Оның 600 миллионға жуығы – басқа юрисдикциялардан қайтарылған активтер. Мысалы, БАӘ-ден 15 миллионға жуық доллар, Австриядан 82 миллион, Лихтенштейннен 260 миллион, Гонконгтан 2 миллион доллар қайтарылды, - дейді Ғабит Садырбеков.
Қолма-қол ақшадан бөлек, ірі компаниялардың акциялары мен үлестері, қонақүйлер, базарлар, бизнес орталықтары, зергерлік бұйымдар, элиталы жерлер, теміржол жолдары және басқа да стратегиялық маңызды нысандар мемлекетке қайтарылды.
Ол жалпы қайтарылатын болжамды сома туралы айта отырып, арнайы жоспарланған көрсеткіш пен шектеулердің жоқ екенін айтты.
- Біз заңсыз алынғанның және тәркіленгеннің бәрін қайтарамыз, - деп түйіндеді ол.
Оқи отырыңыз