KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

ШҚО-да көктайғақтан жүк көліктері тоқтап қалды

Фото: ШҚО ТЖД

16.11.2023, 11:34 162 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақтың кесірінен көмір тиеген көліктер тоқтап қалды. Көмекке құтқарушылар келді.

Оқиға Зайсан ауданындағы тасжолда болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Тарбағатайға бара жатқан бес жүк көлігі мен бір тиегіш машина жол көктайғақ болғандықтан таудан түсе алмай тоқтап қалған. Жергілікті атқарушы органдар, аудандық ТЖД бөлімшесі мен полиция қызметкерлері техникалық көмек ұйымдастырды. Құтқарушылар «Кунг» деп аталатын арнайы көлікпен шықты, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Жол қызметінің өкілдері учаскеге құм сепкен көрінеді. Содан кейін ғана көліктер қозғала бастаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив