Өскеменде есірткі жарнамалары жойылды
Облыс орталығында «Қауіпсіз қала» акциясы аясында «Есірткіге жол жоқ!» деп аталатын іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Іс-шараны «Жастар рухы» жастар қанатының өңірлік филиалы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп өткізді.
Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен учаскелік полиция қызметкерлері де акцияға ат салысты. Қатысушылардың барлығы да есірткі құралдарын сататын арналардың жарнамасын жойды.
«Жастар – ел болашағы. Сондықтан бәсекеге қабілетті, дені сау ұрпақ қалыптастыру мәселесі қашанда маңызды. Акцияның мақсаты – адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Тұтас қоғамды осы мәселеге бейжай қарамай, күреске шақыру», - деді іс-шараны ұйымдастырушылар.
Оқи отырыңыз