ШҚО-да жасөспірімдер арасында бокс турнирі өтті
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Аманат партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты бірлесіп «Есірткіге «Жоқ» деп айт!» атты бокс турнирін өткізді. Облыстық турнир жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.
Шара салауатты өмір салты және спортпен белсенді айналысуды насихаттауға, облыс жастарына есірткінің зиянын түсіндіруге бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұлан, Самар және Күршім аудандарының атынан 60-тан астам бала қатысты. Қатысушылар 43-60 кг салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Қатысушылар мен олардың жаттықтырушыларына Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамотасы табысталды.