KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 9 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Қазақстанда Экологиялық сот құруды ұсынды

nyafoto.ru

26.11.2023, 15:30 139 Назерке Каримова
Жоғарғы соттың судьясы Бейбіт Шермұхаметов "Параграф" ақпараттық жүйесі мен Fortune partners ұйымдастырған Экологиялық форумда елімізде өз алдына бөлек экологиялық сот құруды ұсынды.

Шермұхаметов экологиялық дауы істерді қарауда белгілі бір проблемалар бар екенін мойындады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

"...Ең алдымен судьяның жұмысында өз кемшіліктері бар, мысалы кәсіби біліктіліктің жеткіліксіздігі, дайындықтың болмауы дегендей. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін іс жүзінде Жоғарғы сот экологиялық даулар бойынша бір де бір тренинг өткізген емес. Бір де бір. Түсініп отырсыздар ма? Әділет академиясы деген бар, егер сіз 2023 жылға құрылған жоспарды қарасаңыз, ол арадан экологиялық мәселелерді таппайсыз. Бұл дегеніміз нені білдіреді? Бізде мұндай істерді дұрыстап қарайтын судья жоқ. Егер бұл тақырыпта жұмыстар жасалмаса, мұндай істерді қалай қарауға болады, бұл - біздегі өзекті мәселенің бірі", - деді ол.

Оның айтуынша, соттардың шешімдеріне қалың бұқара наразы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив