Глубокое ауданының 54 жастағы тұрғыны тіркелмеген қару сақтаған

Фото: ШҚО Полиция департаменті
Глубокое ауданының тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді.
ШҚО Полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, Глубокое ауданының 54 жастағы тұрғыны тіркелмеген қару сақтаған. Тінту кезінде "ТОЗ-8" ойық шолақ мылтық пен "ИЖ-38"модельді пневматикалық мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі, яғни «атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Полиция департаменті ҚРҚылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді, - деді ШҚО Полиция департаментінде.
Оқи отырыңыз