Глубокоелік тұрғыннан заңсыз қару тәркіленді
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Глубокое ауданының тұрғыны үйінде тіркелмеген шолақ мылтық пен пневматикалық винтовка сақтаған.
Қорытынды бойынша суық қару атуға толық жарамды болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция қызметкерлері 54 жастағы тұрғынды тінту кезінде "ТОЗ-8" ойық шолақ мылтық пен "ИЖ-38"модельді пневматикалық мылтық тәркілеген.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді.
Оқи отырыңыз