Ұлан ауданының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Өңірде жедел-профилактикалық іс-шаралардың жүргізу барысында аудан тұрғынының заңсыз қару сақтағаны белгілі болды.
49 жастағы ер адам бір емес, бірнеше қару түрін заңсыз ұстаған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 12 калибрлі тегіс ұңғыл мылтық, 5,6 мм калибрлі "ТОЗ-8" маркалы ұсақ калибрлі мылтық, сондай-ақ 40-тан астам түрлі патрон тәркіленді. Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қарудың сақталу жағдайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешімі қабылданады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді.
Оқи отырыңыз