KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Құтқарушылар неге дабыл қақты? – ШҚО

шартты сурет

1.12.2023, 14:20 268 Оразай Жеңісұлы

Алтайдың қаһарлы қысы биыл әдетінен жаңылғандай. Өңірдегі айдындар енді ғана қата бастады. Құтқарушылар ең қауіптісі де осы кезең екенін айтып отыр. Сондықтан төтенше қызмет өкілдері оқыс жағдайлардың алдын алу үшін шара қолдана бастады, деп хабарлайды деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Құтқарушылар бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп 400 рейд жасап, өңір тұрғындарына 150 нұсқаулық таратып, 14 жиын өткізді. Өзен-көл жағалаулары мен өткелдерге ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйенсек, қазір ресми түрде бір мұз өткелі (Күршім ауданы Қызыл ту өткелі) ғана ашық. Өткелде жол қызметінің өкілдері, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінен құралған комиссия жұмыс істейді.

«Әсіресе, ағынды жерлерде, қамысқа жақын жерлерде мұз жұқа келеді. Жылымық жүрген кезде, аса қауіпті. Өткен жылы екі көлік мұз астына түсіп кетті. Қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан екі адам суға батып кетті», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Мамандар ескертеді:

Мұздың қалыңдығы 10 сантиметр кем болмаса, адам үшін қауіпсіз болып саналады;

Өзен сағаларында мұз жұқа болады;

Мұз айдынға түн мезгілінде, күн райы бұзылған кезде шығуға болмайды;

Мұзға тек жаяу шығу керек;

Мұз үстінде топтасып тұруға болмайды;

Балық аулауға арналған тесіктер бір-бірінен кемінде бес метр қашықтықта болу керек;

Мұзға мас күйде шығуға болмайды;

Үнемі телефон, мықты  арқан мен пышақ алып жүру керек.

Естеріңізге саламыз. төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу