KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Әскерилер қорытынды тексерістен өтті – ШҚО

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

16.10.2023, 17:04 208 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес қорытынды тексеруді тапсырды.

Биыл қорытынды тексеру жұмысын ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас штабы қабылдаған. Шара барысында әрбір әскери қызметшінің кәсіби деңгейі бағаланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әр оқу жылының соңында қорытынды тексеру жүргізіледі. Бұл біз үшін маңызды емтихан. Бригада барлық пәндердің бағдарламасын толығымен өтті. Тексеруді бөлім басқармасынан бастап батальондар мен роталардың, взводтардың жеке құрамы тапсырады. Тексеру барысында жеке құрамның жауынгерлік дағдысының денгейі, жауынгерлік әзірліктің жай-күйі анықталды, деді 27943 әскери бөлім командирі полковник Азамат Абикенов.

 Қорытынды тексеруде әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, денешынықтыру дайындығын, жауынгерлік машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, әскери топографияны қамтитын жауынгерлік оқудың негізгі пәндерінен сынақ тапсырады. Тексеру барысында басты қауіпсіздік ережелері басты назарда болып, әр әскери қызметші оны  жетік менгеріп, толық орындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив