KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Үлкен Нарындағы көпқабатты үйлер орталық жылу желісіне қосылуы мүмкін

Фото: qaz-media.kz

14.12.2023, 13:35 150

Ауылдардағы өткен ғасырда салынған екі, үш қабатты үйлерді орталық қазандық желісіне қосу қажет.

Бұл туралы Катонқарағай ауданы тұрғындарымен кездесуде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

– Кеше Күршім ауылына барғанда да байқадым, Үлкен Нарында да солай екен. Көпқабатты үйлерден пештің мұржалары шығып тұр. Бұл үйлер кеңестік кезеңде салынған, сол кезде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Кейін 90-шы жылдары қазандықтар тоқтаған соң, иелері амалсыз пеш салған. Бұл өте қауіпті, өрт шығып жатса, үй түгел жанып кетуі ықтимал ғой. Сондықтан осындай үйлерді қазандықтарға қосу мәселесін қарастырамыз. Тұрғындарға да жеңіл болады, көмір тасып, күл шығарып, от жақпайтын болады, – деді ШҚО әкімі. 

Атап өтерлігі, мұндай тәжірибе Самар ауданында бар. Ондағы көпқабатты үйлер қазандыққа қосылды. Ол үшін жылу құбырлары толық қайтадан салынып шықты.


Алдағы уақытта Күршім және Үлкен Нарын ауылдарындағы үйлер де орталық жылу жүйесіне қосылуы мүмкін.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу