KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Декларация ұсынбаған қазақстандықтар қандай жауапкершілікке тартылады

Фото: vashkons.ru

13.12.2023, 21:13 71 Анель Слямғазықызы

Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салықтық режимдерді әкімшілеу департаментінің директор Нұржан Қуандықов декларация ұсынбағандарға қандай шара қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 51 750 теңге көлемінде айыппұл салынады. Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынады. Жыл ішінде бірінші рет салық объектілерін жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200 пайыз мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзушылық үшін 300 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады», - деді ол.

Осы орайда ол жеке табысқа салықтық бақылау қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.

«Сонымен, біріншіден камералдық бақылау жүргізіледі – жеке тұлғалардың шығындары осылайша бақыланады. Декларацияның бар-жоқтығы тексеріледі. Декларацияда табыс пен мүлікті көрсетпеу және кірісті азайтып көрсету фактісі анықталады. Одан кейін камералық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі», - деді Нұржан Қуандықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу