KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Қазақстанда шоколад өндірісі 11,3% өсті

Фото: Shutterstock

27.12.2023, 20:45 117 Анель Слямғазықызы

Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында заттай түрде 97,5 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнім өндірілді, -деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ұлттық статбюроға сілтеме жасап. 

2022 жылдың тиісті кезеңінде аталған өнімнің өндіріс көлемі 9,9 мың тоннаға аз болған.

Өткен жылдың 11 айында барлығы 87,6 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілген.

Осылайша өндіріс өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,3% өсті.

Айта кетейік, импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы биылғы 10 айда 52,8% құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 155,9 мың тонна шоколад пен кондитер өнімі сатылды.

Бұл ретте экспортқа 30 мың тонна тәтті өнім жөнелтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив