Жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр - Ирина Ровнякова
«Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарық көргені белгілі. Бүгіне елімізде жастар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын бірқатар шаралар қолға алынып отыр. Мүндай пікірді С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова айтты.
Жастар – ел болашағының кепілі. Қазіргі қоғамда, ел экономикасын арттыруда жастардың алар орны ерекше. Жастардың қоғамдағы жағдайы мен әлеуметтік ортаны дамуы мемлекетке де, жас буынынң өмірлік ұстанымына да байланысты екені белгілі. Сондықтан өз болашағы үшін жоғарғы буынның тәжірибесін ескере отырып, қателік жібермеуге тырысуы керек. Қазір қоғамдағы жастардың рөлі туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта өз сұхбатында атап өткен болатын.
Сондай-ақ мемлекет басшысы өз сөзінде жастарға сенетінін де жеткізген. Бүгінде жастар үшін атқарушы және заң шығарушы билікке жол ашатын бірқатар шаралар қабылданды. Президенттік Жастар кадрлық резерві құрылды, көптеген жастар Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаты болып сайлануға мүмкіндік алды. Мемлекет басшысы өз сұхбатында жаңа біліммен, жаңа тәжірибемен және осы озық білімді қызметте тиімді қолдана отырып, жаңа деңгейдегі жас басқарушыларды даярлау шаралары бойынша ұстанымын нақты атап өтті. Ол арқылы жас мамандар қабілетін жетілдіре отырып, өздерін көрсетуге мүмкіндік алады және ел елдің экономикасы мен әлеуметтік саланың дамуына да ықпал етері сөзсіз.