KZ
Өскемен
-28°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

Шығысқазақстандық белсенді жастар Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті

21.05.2019, 10:48 534

Қостанайдағы Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастық форумына қатысып жатқан шығысқазақстандықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айтулы жиын барысында Президент "Дипломмен-ауылға", "Жас кәсіпкер", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының жастар үшін маңызы зор екенін атап өтіп, үкіметке волонтерлік қозғалысты дамытуды тапсырды.

- Қымбатты достар! Біз жастардың бастамасына қолдау көрсетуге дайынбыз. Алдағы уақытта Қазақстан-Ресей жастары арасында "Жылдың ең үздік волонтерін" анықтап, марапаттауды ұсынамын. Бұдан бөлек волонтерлік кеңес құрып, жастардың өзара пікір алмасуына жағдай жасауды ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қостанайда бас қосқан жастар кешелі бері өзара тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдауда.
- Форумнан керемет әсер алып қайттым. Әсіресе маған Президентпен кездесу ерекше ұнады, - дейді Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Ілияс Баяxметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу