KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қандастар мен қоныс аударушыларға 2024 берілетін квота саны белгілі болды

фото: dknews.kz

5.01.2024, 19:10 301 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қазақстан көшіқонға ерекше көңіл бөлген әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. Соның нәтижесінде елге 1991 жылдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 128,37 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралған. Ал 2023 жылы 21,3 мың этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.

Биыл қандастар мен қоныс аударушыларға берілетін квота саны артты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасы 9 483 адам деп белгіленді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 554 адамға артық. 

Ал берілетін квота жұмыс күшінің қажеттілігіне орай әр өңірге бөлінген. Онда қандастар үшін:

Шығыс Қазақстан облысы – 269, Павлодар облысы – 902 адам, Қостанай облысы – 550, Ақмола облысы – 285, Солтүстік Қазақстан облысы – 207 адам, Абай облысы – 220 квота бөлінген. 

Ал қоныс аударушылар үшін: Солтүстік Қазақстан облысы – 2 702, Павлодар облысы – 2 603 адам, Қостанай облысы – 950, Шығыс Қазақстан облысы – 372, Абай облысы – 255, Ұлытау облысы – 132, Қарағанды облысы – 36 адамға квота бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив