Дронмен түсіру үшін қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін?
Фото: Business Security
2023 жылы дрондарды рұқсатсыз ұшырғаны үшін 30-дан астам адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, Қазақстанда дрондарды пайдалану ережелері 2021 жылдан бастап күшейтілді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшулары "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларымен" реттеледі. Бұған дейін қазақстандықтар дрондарды бейне түсіру үшін еркін пайдалана алатын.
Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, жыл басынан бері дрон операторларына қатысты 35 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның ішінде бір жыл ішінде қайталап бұзушылық жасағаны үшін дрон тәркіленді.
Ереже талаптарына сәйкес, дрон иесі оны пайдалану алдында алдымен есепке қоюы керек.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің дерегі бойынша, әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған жағдайда жеке тұлғаларға-10, лауазымды адамдарға-20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде бұл тәртіп қайта бұзылған жағдайда айыппұл көбейеді.
Ведомствоның мәліметінше, әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында операциялардың үш санаты көзделген: "ашық", "арнайы" және "сертификатталған".
"Ашық" санатындағы ұшуларды орындау үшін оператор дронды есепке қою талабынан басқа, салмағы бойынша 1,5 килограмнан аспайтын шектеу, тәуліктің жарық уақытында, жер бетінен 50 метрден аспайтын биіктікте, елді мекендерден, әуежайлардан, шектеу аймақтарынан тыс жерде ұшыру шарттарын ұстануы қажет.
Ұшудың осы санатында рұқсат құжаты талап етілмейді.
Халық тығыз орналасқан жерлерде, соның ішінде мегаполистерде дрондарды пайдалану ережелері біршама қатал. Бұл жағдайда дрон операторы арнайы сертификат немесе рұқсат алуы керек.
Айжанат Бақытқызы