Ит пен мысығын есепке қоймағандарға айыппұл салынады
Фото: egemen.kz
1 қыркүйектен бастап ит пен мысығын есепке қоймаған азаматтарға айыппұл салынады.
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Талғат Ердешев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.
Қазақстандықтар үшін электронды жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.