ШҚО-да мас жүргізуші ұсталды
фото: diapazon.kz
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері көлік құралын мас күйінде басқару фактісін анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Polisia.kz. сілтеме жасап.
Өскемен көшелерінің бірінде патрульдеу барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің мас күйде екендігі және бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.
Соған қарамастан, ол қайтадан көлік жүргізген. Қазіргі уақытта құқық бұзушының автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылып, ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.