KZ
Өскемен
-9°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
509.94 593.88 6.43

Есірткі қабылдап трактор тізгіндеген тұрғын ұсталды – ШҚО

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

14.12.2023, 20:01 277 Ләззат Қанатқызы

Тәртіп сақшылары патрульдеу барысында есірткі қабылдап трактор тізгіндеген тұрғынды анықтады.

Өскемендік тұрғын бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Өскемен көшелерінің бірінде 27 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «МТЗ 82» маркалы тракторы тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу