KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Үш күнде 80-нен астам жүргізуші қар құрсауынан құтқарылды

4.01.2024, 09:30 33 Анель Слямғазықызы

Аптаның басынан бастап Шығыс Қазақстан полицейлері қар құрсауында  калған 80-нен астам жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Боран, жолдың көріну мүмкіндігінің нашарлығы, қарлы боран және дауылды жел. Осындай, ауа -райының қолайсыздығына байланысты жолдағы жүргізушілер қиын жағдайға тап болады. Кейде жүргізушілердің өздері "102" арнасына жүгінеді, ал кейде оларды тасжолдарда патрульдейтін инспекторлар байқайды.
Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы тас жолында тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған ауыр жүкті көлікті байқайды. Белгілі болғандай, Грузия тұрғыны үйге қарай қайтар жолда кептеліп қалған. Жүргізуші өздігінен шығуға тырысқан, алайда көп тонналы жүк көлігі одан әрі қарға бата түскен. Сонымен қатар, көліктің ұзын тіркемесі жол бойымен бұрылып қалған. 
Қарлы боранда үш сағаттан астам уақыт бойы тұрған ауыр жүкті  ірі мамандандырылған техника да бірден көтере алмады. Алайда, жарты сағат өте келе бірнеше әрекеттен кейін жүргізуші өз көлігімен жолға сәтті шықты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив