Риддерде су беру қайта басталды: қала әкімі әлеуметтік нысандарды тексерді
Шартты сурет
Риддерде су беру қайта басталды, деп хабарлайды Altatnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Дәулет Батырбаев әлеуметтік нысандарды аралап, суық судың берілуін тексерді.
– Сумен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді. Су қысымға қарай барлық жерге жетеді, – деп хабарлады Риддер қаласының әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Громотуха өзенінің шатқалында қар көшкінінің өздігінен түсуіне байланысты су беру тоқтатылған болатын.
Оқи отырыңыз