KZ
Өскемен
-15°
небольшая облачность Штиль
524.66 550.21 5.09

ШҚО: 2 мыңнан астам заңды тұлға онлайн тіркелген

16.01.2024, 17:19 165

Өткен 2023 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы онлайн форматта 2000-нан астам заңды тұлғаларды тіркеді.

Өңірлік филиал директорының орынбасары Гульфайра Нұржанованың айтуынша, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үдерісінің арқасында бизнесті тіркеу процедурасын жеделдету мүмкін болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға 5 және одан да көп құжатпен келіп, тіркеуді алу үшін деректерді тексеруді 5 күнге дейін күтетін болса, бүгінгі күні электронды түрде барлық рәсім бір күннен аспайды және ешқандай құжат талап етпейді.

- Электронды портал арқылы бірқатар қызметтер онлайн көрсетілетінін айта кету керек. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін бастапқы тіркеу; коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеу; каңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тарату; акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін өзгерту, - дейді филиалдың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтарында заңды тұлғалардың атаулары мен мекенжайларына онлайн түзетулер енгізу қызметі іске қосылған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу