KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Қытайлық дәрігерлер Зайсан ауданына келді (видео)

24.01.2024, 14:00 216

Зайсан ауданына ҚХР-дың Алтай аймағына қарасты Жеменей ауданының дәрігерлері келіп, консультациялық және практикалық қолғабыс көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында аудандық аурухана мамандарымен бірлескен семинар өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайтының тілшісі.

Сондай-ақ аспан асты елінің дәрігерлері 4 күн бойы қытайша ине қою әдістерін көрсетіп, ішкі аурулары, сүйек буындарының ревматизмі сынды аурулары бар өңір тұрғындарын қабылдап, ем-дом көрсетпек.

– Біздің мақсатымыз – екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайтып, қытай медицинасының емдеу тәсілдерін көрсетіп, білгенімізбен бөлісу. Инемен, уқалап емдеу, тамыр ұстау арқылы адамға диагноз қою, қытай медицинасы жағынан кеңес беру, ішкі ағзаның, қан қысымы, жүрек талмасы аурулары бар жандарға ем-дом көрсетсек дейміз. Алдағы уақытта Зайсан ауданының дәрігерлері де біздің Жеменей ауданына келіп, өзара тәжірибе алмассақ деген жоспарымыз бар, – дейді Жеменей ауданы халық ауруханасының бас дәрігері Ермек Нұрдоллаұлы.


Семинар барысында екі ел арасында медицина саласы бойынша өзара іс-тәжірибе алмасу жұмыстары талқыланды.

– ҚХР дәрігерлерімен серіктестігіміз арта түсіп, емдеу әдістері жайлы ой бөлістік. Біз ҚХР-дан келген дәрігерлерді өзіміздің ауруханының жұмысымен, осында жүргізіліп жатқан емдеу шараларын көрсетеміз. Аудан тұрғындары тексеру қорытындыларымен барып, кеңес алуға мүмкіндіктері бар. Әрине, медицина саласы бойынша өзара іс-тәжірибе алмасу да көзделген, – деп атап өтті Зайсан аудандық ауруханасының бас дәрігері Жексенбай Тілеуберлин.


Екі елдің медицина мамандары мұндай кездесулердің берері мол деп отыр.

 Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив