KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Вейп сатқандар бес жылға дейін түрмеге қамалмақ

фото: kapital.kz

24.01.2024, 16:00 320

Мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіп бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда вейптерді заңсыз айналымға шығарғандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

вейп сату үшін ең жоғары айыппұл – 50 тәулікке дейін қамауға алу;

әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда вейп пен электронды темекінің айналымына тыйым салу туралы шешім шығаруды талап еткен болатын.

Ал Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда вейп таратуды реттейтін заң қабылдады. Құжат республикаға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды қарастырады.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу