KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
510.18 601.91 6.51

Тарбағатайлық оқушы олимпиада жеңімпазы атанды

28.01.2024, 09:00 236 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгінгі жастар білектің де, білімнің де күшімен алға озып келеді. Соның бір дәлелі, тарбағатайлық оқушы ауыл мектептеріне арналған пәндер олимпиадасының жеңімпазы атанды.

Қаңтардың 22-25 күндері өткен ауыл мектептеріне арналған I республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қатысқан Тарбағатай ауданының «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің» 11 сынып оқушысы Мұратова Аяужан жеңімпаз атанды. Ол І  дәрежелі дипломмен  және алтын медальмен марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Шәкірт жетістігі мектептің, ұстаздың, тіпті елдің абыройы екені анық. Қаңтардың 22-25 күндері Астана қаласында өткен ауыл мектептеріне арналған I республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан Тарбағатай ауданының «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің» 11 сынып оқушысы Мұратова Аяужан 1 орынға ие болып, алтын медальмен марапатталды. Оған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің гранты берілді, – деп жазды Тарбағатай ауданы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында.


Cуреттер Тарбағатай ауданы әкімдігінің парақшасынан алынды

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу