KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да былтыр мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан кетіретін жеті жағдай анықталған

31.01.2024, 17:17 169 Ләззат Қанатқызы

Қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің жалпы міндеті. Десе де өзіне жүктелген бұл міндетті лайықты атқара алмай жүрген қызметкерлер де жоқ емес.  


Мәселен, 2023 жылы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан кетіретін жеті жағдай анықталған. Сонымен қатар жол ережесін бұзған 41 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Бұл туралы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша қорытындысында белгілі болды. ШҚО әкімі аппаратының есебіне аппарат басшысы Ербол Нұрғалиев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев және әр ауданның әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

- Былтыр Әдеп жөніндегі кеңестің тоғыз отырысы өткізіліп, 71 мәселе көтерілді. Сондай-ақ 23 тәртіптік іс қаралды. Оның тоғызы Алтай ауданының, жетеуі Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен болған. Есептік кезеңде мемлекеттік қызметшіден қызметіне кір келтіретін теріс қылықтар анықталмауына және мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылуына байланысты жеті тәртіптік іс қысқартылды. 16 тұлға тәртіптік жазаға тартылды, екі тұлға жауапқа тартылды, - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев.

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы бірқатар талдау жүргізген. Нәтижесінде мемлекеттік органдардың кемшіліктері мен қызметшілердің құқығы бұзылғандығы анықталған. 

- Әдеп жөніндегі уәкілдер тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілер арасында моральдік-этикалық құндылықтарды нығайтуға және мемлекеттік қызметтік имиджін көтеруге бағытталған түрлі іс-шаралар жүргізеді. Былтыр уәкілдік 390 жеке қабылдау жүргізген. Сонымен қатар Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша 829 іс-шара өткізілді, - дейді Әдеп жөніндегі уәкіл Мира Бекқожина.

Шара соңында мемлекеттік органның имиджін қалыптастыруға үлес қосқан әдеп жөніндегі уәкілдерге алғыс хат табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу