Балалар шығармашылығын графикалық планшет арқылы дамытады – Өскемен
Облыс орталығындағы Оралхан Бөкей атындағы кітапхана бала оқырмандардың шығармашылығын дамытуда заманауи технологияларды ұтымды пайдаланып келеді.
Мамандар оқушылардың қиялын ұштап, ой өрісін кеңейту үшін графикалық планшетті қолданады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, графикалық планшет балалар үшін таптырмас құрал.
– Бұл планшеттің ерекшелігі компьютерге тікелей қосылуында. Соның арқасында бала өзі салған туындысын қалаған түсіне бояп, оны басып шығаруына мүмкіндігі бар. Бала қиялын дамытуда планшеттің мүмкіндігі мен рөлі өте жоғары, – дейді кітапхана қызметкері Таңнұр Башай.
Балалалар графикалық планшет арқылы компьютерді де оңай меңгере алады.
Оқи отырыңыз