Кітапханада ана мен балаға арналған орын бар - Өскемен
Өскеменде Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана шетелдік әріптестерінің тәжірибесін ұтымды пайдаланып жатыр.
Мұнда еліміздегі өзге кітапханаларда жоқ ана мен бала бұрышы бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл бастама бала бағып, үйде отырған аналар үшін өте тиімді. Кітапхана ұжымы идеяны америкалық әріптестерінен алған.
- Ана мен балаға арналған орында бала күтіміндегі әйелдер алаңсыз өз жұмыстарын істей алады. Кейде оларға анықтама немесе электронды үкіметтің порталында жұмыс істеуге тура келуі мүмкін. Сондай жағдайда біздің кітапханаға келіп, баласын қасына отырғызып, ойнатып қоюға мүмкіндік бар. Ал компьютер тілін білмей жатқан жағдайда кітапхана қызметкерлері көмектесуге дайын, - дейді кітапхана директоры Хабиба Ақжігітова.
Айта кетелік, аталмыш кітапхана оқырмандарына барынша жағдай жасауда шетелдік тәжірибені жиі қолданады.
Оқи отырыңыз