ШҚО әкімі лауазымынан босатылды
Даниал Кенжетайұлы Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі AkordaPress телеграм-арнасына сілтеме жасап.
1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.
1976 жылы Павлодар индустриялық институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.
Мансабы:
1976-1981 жж. - «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;
1981–1983 жж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;
1983–1987 жж. - «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;
1987–1991 жж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
1991-1992 жж. - «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» тресінің басқарушысы;
1992-1993 жж. - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;
1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;
12.1997-10.1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
10.1999-21.12.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
21.12.2000-21.11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
21.11.2001-13.06.2003 жж. - Павлодар облысының әкімі;
13.06.2003-08.01.2007 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
10.01.2007-17.06.2009 жж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;
12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компанияның басшысы;
2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі.
2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.