KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

«Өскемен-Алтай» тас жолы қайта жабылды

21.02.2023, 18:00 806 Ләззат Қанатқызы

Қар көшкіні қаупіне байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолы қайта жабылады.

"Қазақавтожол" ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін сағат 19.00-ден бастап  «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының  6-дан 166 шақырымға дейінгі учаскесі (Ушанов ауылы - Алтай қаласы) барлық көлік түрлері үшін жабылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Республикалық маңызы бар жолдың жағдайы туралы ақпаратты 8-777-535-89-08, 8 (7232) 26-28-08 телефондары бойынша, облыстық маңызы бар — 8-705-798-05-99, 8 (7232) 57-42-52 телефондары бойынша немесе ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімінің 77-60-05 телефоны бойынша білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу